Қазақстанның Футбол Федерациясы 21 жастағы жартылайқорғаушы Александр Меркельді құрамаға шақырудан жалығар емес. Александр Меркель Шығыс-Қазақстан облысы, Первомайский ауылында туып 6 жасында Ростовқа көшіп кеткен. Артынша Германияға қоныс аударып «Штутгартың» жастар командасында доп тебе бастады. Кейін Италияның «Милан», «Дженоа», «Удинезе» сияқты командаларында сәтті өнер көрсетті.

Футболшы Ресей құрамасында ойнағысы келетінін БАҚ өкілдеріне бірнеше рет мәлімдегеніне қарамастан ҚФФ онымен тағыда келіссөз жүргізіп көрмек.