Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Астана» футбол клубының қақпашысы Ненад Эрич Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионаты жайлы пікір білдірді.

«Менің ойымша, 21-ші әлем чемпионатының ақтық сыңына Бразилиа, Германия және Франция командалары шығып қалуы мүмкін. Бельгияны да есептен шығаруға болмайды. Олар сенсация жасап, кубокты бастарынан көтеріп жатса таңқалмаймын.

Аргентина мені қатты жабырқатты. Жоғары деңгейлі ойыншыларымен түк бітіре алмады. Месси бастаған жігіттер чемпион атанса деймін. Өз басым Сампаолидің командасына болысамын», - дейді Эрич.