Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдуның «Альмерияға» қарсы өткен кездесудегі алған жарақаты болымсыз екен.

Естеріңізге сала кетсек, Испания чемпионатының сенбілік матчнда мадридтіктер «Альмериямен» кездесіп (5:0) жеңіске жеткен. Роналду жарақатқа байланысты ойынның ортасында алмастырылды.

«Ештеңе етпес. Бірінші таймда саннан соққы алып аяғымның тартылғанын сездім. Бірақ сондай қатты жарақат емес», – деді Роналду.

Бас бапкер Карло Анчелотти ойыншының тез арада жазылуы үшін емделуге демалыс берді.