Алматыда спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты мен кубогы жолындағы жарыс басталды, деп хабарлайды Prosports.kz

24 маусымға дейін созылатын додада топ жарғандар тамыз айында Индонезияда өтетін Жазғы Азия ойындарына жолдама алады.

Спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионатына Алматы, Қостанай, Шымкент, Қарағанды, Астана, Талдықорған, Семей қалаларынан спортшылар қатысуда.