Льеж криминалдық соты (Бельгия) ресейлік Александр Колобнев пен қазақстандық Александр Винокуровтың сот ісін қарауды кейінге қалдырды, деп хабарлайды Prosports.kz

Спортшылар 2012 жылы сайыста келісімшартқа келді деп айыпталуда. Бельгияның прокуратурасы Льеж - Бастогн - Льеж жарысы кезінде Винокуров Колобневке алға өткізіп жіберу үшін 150 мың еуро төледі деп есептейді. Атышулы істің дәлелі - спортшылардың sms-хабарламалары мен банктік есептердің сәйкестігі.