«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер мамыр айының үздік голын дауыс беру арқылы анықтады, деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

Көктемнің соңғы айында астаналықтар 6 ойында 12 гол соқты. Дауыс беруге Твумасидің 11 метрлік айып добынан соққан голы мен «Жетісу» қақпасына кірген автоголдан басқа 10 гол қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша Дмитрий Шомконың «Ақтөбе» қақпасына алыстан соққан голы үздік деп танылды.

Екінші орын айып алаңының сыртынан соғылған тағы бір голға бұйырды. Ол Патрик Твумасидің талдықорғандық «Жетісу» қақпасына соққан голы.

Үздік үштікке ганалық шабуылшының «Қайсар» қақпасына соққан голы енді.

Дауыс беру бойынша үздік бестік: 1. Шомконың «Ақтөбе» қақпасына соққан голы 27,7% 2. Твумасидің «Жетісу» қақпасына соққан голы 11% 3. Твумасидің «Қайсар» қақпасына соққан голы 10,5% 4. Мужиковтың «Қайсар» қақпасына соққан голы 9,8% 5. Томасовтың «Ақтөбе» қақпасына соққан голы 8,9%