«Атлетико» клубы шабуылшы Антуан Гризманнмен келісімді ұзартты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа келісім бойынша шабуылшы мадридтік командада 2023-ші жылдың жазына дейін қалады.

Естеріңізге салсақ, осы жазда Антуан «Барселонаға» ауысады деген ақпарат жиілеген. Алайда соңғы сөзді ойыншының өзі айтып, «Атлетикодан» кетпейтіндігін мәлімдеген.