Футболдан Ресейдегі әлем чемпионатында Англия құрамасы Туниспен күш сынасты.

Матч жылдам голмен басталған. Харри Кейн номиналды қонақтарды алға шығарды. Бірақ 35-минутта төреші ағылшындардың қақпасына пенальти белгіледі. Нүктеге келген Ферджани Сасси таразы басын теңестірді.

Таблодағы нәтиже ұзақ уақыт бойы өзгерген жоқ. Тіпті, ағылшындар да басқа азулы құрамалардың ізімен еріп, ұпай жоғалтады деп күткен еді бәрі. Бірақ төреші қосқан қосымша уақытта тунистіктер Кейнді тағы да қараусыз қалдырып, шабуылшы өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 1:2. Англия үш ұпай олжалады.

Тунис – Англия 1:2 (1:1)

Голдар: Сасси 35 – Кейн 35, 90+1