Футболдан Ресейдегі әлем чемпионатында Бельгия құрамасы алғашқы матчын ойнады.

Еуропалықтардың қарсыласы чемпионат дебютанты Панама құрамасы болған. Эден Азар бастаған жігіттер топтық кезеңнің алғашқы турында жеңіске жетті.

Бірінші таймда жанкүйерлер гол көре алған жоқ. Есесіне үзілістен кейін бельгиялықтар жауапсыз үш доп тоғытты. Алдымен Мертенс қанжығасын майлаған. Кейін 69 және 75-минуттарда Ломелу Лукаку гол соқты. Қорытынды есеп - 3:0.

Айта кетейік, Бельгия мен Панамадан бөлек бұл квартетте Англия мен Тунис құрамалары күш сынасады.