Жағажай футболынан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуролигада Грекия, Молдова және Литва құрамаларымен бір топта ойнайтын болды, деп хабарлады ҚФФ-ның ресми сайты.

Біздің футболшылар Еуролиганың «В» дивизионында ойнайды. Бұл кезеңдегі қарсыластар үш топқа бөлінген. Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің ойындарын 20-22 шілде күні Мәскеуде өткізеді.

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының Еуролигадағы ойын кестесі:

20.07.2018. Молдова - Қазақстан

21.07.2018. Грекия - Қазақстан

22.07.2018. Қазақстан - Литва.