Футболдан Ресей жеріндегі Әлем чемпионаты күн санап қызып келеді. Азуын айға білеген командалардың бірінен соң- бірі ұпай жоғалтуда. Күн сайын сенсация десек те артық емес.

Кеше Әлем чемпиондары Германия құрамасы күтпеген жерден Мексикаға есе жіберсе, әлемнің бес дүркін чемпиондары Бразилия Швейцарияны жеңе алмады.

Бүгін Мексика мен Германия тобындағы Швеция мен Оңтүстік Корея елдері Өз кездесуін өткізеді.

Бір қарасаңыз аталған екі команда осы топтың аутсайдері көрінеді. Алайда Әлем чемпионатына шыққан ұжымның осалы болмайды. Кез келген құрама кез келген команданы ұтып кете алады.