Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман жеңіліп көрмеген қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші кездесу тарих қойнауына артын әріппен жазылатынына сенімді, деп хабарлайды Prosports.kz BoxingScene.com cайтына сілтеме жасап.

«Қос тараптың келісімге келгендігін тойлауымыз қажет. Барлық келеңсіз жайттар мен жанжалдар артта қалды. Ендігі барлық назарымыз қос боксшы арасындағы екінші жекпе-жекте. Алдағы кездесу бокс классикасына айналуы мүмкін. Қос боксшы да барлық талаптарға сай, өз ісінің мамандары. Алғашқы жекпе-жек сенсация болды. Ендігі жерде екі боксшы да қарсыласының осал тұстары мен мықты қырларын жақсы танып білді», - деді Сулейман ESPN Deportes басылымына берген сұхбат барысында.