«Ертістің» бас бапкері Талғат Байсуфинов «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында, барлық қарыздар төленгенін және болашақта жағдай түзелеріне сенімі мол екенін жеткізді.
 
- Ойыншылар, жалақының толық төленуіне қуанып жатыр. Болымсыз ғана қарыздары қалды енді. 
 
- Командадан кеткен футболшылар оралуға дайын ба?
 
- Иә. Барлығымен сөйлескенмін, бәріміз ораламыз деді. Таяуда «Ертістен» Струков, Шабалин және Шомко кеткен.
 
- Командадан кеткен ойыншылардың орнына кімдерді алмақшы едіңіз?
 
- Бұл туралы әлі айта алмаймын. Бастапқыда жігіттермен ауызша келісімге келгенбіз. Не боларын көреміз әлі. Бірақ командаға үш-төрт мықты жаңа ойыншылар керек.  
 
- Соңғы сұхбатыңызда, жалақы төленген соң болашағым жайлы ойланамын дегенсіз. Не шештіңіз?
 
-Клубта қаламын деп шешім қабылдадым. Көмекшілеріммен бірге  жұмысты жалғастырамыз. Ойрат Садуовты көмекші қылып шақырдым. Сондай-ақ Андрей Кучерявых қосалқы құрамды жаттықтыратын болады.