«Барыс» хоккей клубында өнер көрсететін үш ойыншының жалақылары анықталды.

Команданың және ұлттық құраманың көшбасшысы Николай Антроповтың айлығы 2,7 миллион АҚШ долларын құрайды екен. Америкалық легионер Брэндон Боченски 1,4 миллион доллардан тапса, Найджел Доустың жалақысы 1,3 миллион «көкқағазды» құрайды. Хоккейшілердің жалақысын Ресейдің «Спортс.ру» сайты анықтапты.