«Астана» - «Ертіс» (3:0) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін павлодарлық ұжымның бас бапкерінің міндетін атқарушы Дмитрий Кузнецов матч туралы өз пікірін білдірді:

- Біз әзірге «Астана» және «Қайрат» сияқты командаларға қарсылық көрсетуге дайын емеспін. Бүгін көп қателікке бой алдырдық. Себебі, екі күн бұрын ғана Алматыда ойын өткізген едік. Басқа айтарым жоқ. Ойын нәтижесі лайықты.