Футболдан ел чемпионатының 14-ші турында «Атырау» өз алаңында «Тобылды» қабылдап жеңіліс тапты. Кездесудегі есеп 0:2.

Қостанайлық командаға жеңіс әкелген қос допты да Азат Нұрғалиев соқты.

Осы кездесуден соң «Тобыл» 28 ұпай жинап үшінші орынғы жайғасты.

Ал «Атырау» 11 ұпаймен турнирлік кестенің соңғы жағында.

«Атырау» — «Тобыл» 0:2 (0:0)Голдар: Нұрғалиев 65 (0:1), Нұрғалиев 85 (0:2).