Қазақстанда грек-рим күресінен өтетін FILA турнирінің күні белгіленді, деп хабарлады ҚР Күрес федерациясының баспасөз қызметінен.

 Сонымен, «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» IV халықаралық турнирі 12-13 желтоқсан күндері Астанада, «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. Жарыстың жүлделік қоры сақталды, жеті салмақ санатының әр жеңімпазы -5 000 доллар сыйақы алса, ІІ орын алғандарды - 3 000 доллар, ІІІ орынды - 1 500 доллар сыйақы күтіп тұр.

Дәстүр бойынша турнирге ТМД, Оңтүстік Корея, Иран және басқа да елдердің мықты командалары шақырылып отыр. Қазақстан құрамасының атынан бес құрам қатысады.