Бүгін Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңда «Спутник» (Ресей, Нижний Тагил) командасын қабылдайды.

«Спутник» хоккей клубы биылғы чемпионатты сәтті бастаса да, кейінгі уақытта бірде ұтып, бірде ұтылып, қажетті ұпай санын жинай алмай келеді. Дәл қазір бұл команда аутсайдерлердің қатарында. Себебі 22 матчтан кейін ол тек 21 ұпай ғана жинап алды. Лиганың жалпытурнирлік кестесінде «Спутник» көш соңында - 25 орында (биылғы чемпионатта 26 команда ойнайды авт.) тұр. Ал «Сарыарқа» үшін чемпионаттың басы сәтсіз болғаны белгілі. Команда қатарынан бірнеше рет ұтылып, аутсайдерлердің тізіміне де енген. Алайда жаңа бапкердің келуімен оның тасы өрге домалай бастады. «Сараырқа» соңғы жеті матчта қатарынан жеңіске жетіп, бүгінде 40 ұпаймен жалпытурнирлік кестенің 7-ші сатысына көтерілді.