Қазақстан құрамасы мен «Уфаның» ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет Мәскеуде медициналық тексерістен өтті.

Жаңа маусымның басында әр ойыншы 6 түрлі маман алдында тексеріледі. Олардың ішіне кардиолог, ЛОР, окулист, травматолог, невропатолог және басқа да дәрігерлер кіреді.

Сондай-ақ, футболшылар анализдер тапсырып, «тредмил-тесттен», яғни, электрокардиографиялық тексерістен өтеді.

18 маусымда Сейдахметтің командасы Уфада жиналып, бір апта жиынға қатысады.