Бүгін Өскемедік «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы сырт алаңда чемпионаттың фавориті - «Кубань» (Ресей, Краснодар) командасымен кездеседі.

Айта кеткен жөн, Жоғары хоккей лигасының биылғы чемпионаты барысында бұл екі команда әлі бірде-бір рет кездеспеген. Алайда екеуі де жалпы турнирлік кестеде бір-біріне бой бермей, бірінші орын үшін таласып келеді. Қазір «Кубань» 45 ұпаймен үшінші орында тұр. «Қазцинк-Торпедо» болса, барлығы 46 ұпай жинап, екінші орында орналасты. Ал бірінші орынды «Торос» бермей келеді.

Бүгінгі ойында Өскемен қаласының хоккей клубы жеңіске жетсе, ол бірден жалпы турнир кестесінде көш басына шығады.