Донецкелік «Шахтер» клубының капитаны Дарио Срна «Кальяри» клубына ауысуға жақын.

БАҚ таратқан мәліметке сенсек Дарио Срна мен «Кальяри» келісімге келіп үлгерген. Ардагер ойыншы спорттық мансабының Сардиниде жалғасқанын өзі де қалап отырса керек.

Ертеректе хорватиялық ойыншыға «Интер» клубы тарапынан қызығушылық бар екендігі хабарланған.