Елордалық «Барыс» хоккей клубы өз алаңда «Динамо» (Латвия, Рига) командасына жол берді.

Бұл ойында «Барыстың» хоккейшілері нағыз алғырлық танытты. Астана қаласының хоккей клубы 1:3 есебімен ұтылып жатып, таразы басын теңестіре білді. Бірінші кезеңде қарсыластар есепті бірінші болып ашты. Ал екінші кезеңде тағы бір шайба соғып кетті. Жарты минуттың ішінде «Барыс» бір шайба соғып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда «Динамо» қайтадан өз басымдығын ұлғайтты. Есеп - 1:3. Соған қарамастан, жауапты үшінші кезеңге дейін «Барыстың» хоккейшілері есепті теңестірді. Алдымен Роман Старченко екінші шайбаны соқса, Дастин Бойд дубль жасап, есепті 3:3-ке дейін жеткізді. Үшінші кезеңде Найджел Доус төртінші шайбаны соғып, «Барысты» алға шығарды. Бірақ матчтың аяқталуына төрт минуттай қалғанда, төрешілер Евгений Блохинге екі минуттық айып тағып, мұз айдынынан аластатты. «Динамо» осы мүмкіндікті жібермеді. Пол Шехура таразы басын теңестіріп, буллит сериясында өз командасына жеңіс әкелді.

Айта кетсек, бұған дейін сырт алаңда өткен ойында да «Барыс» бұл командаға буллит сериясында 2:3 есебімен ұтылған болатын.

«Барыс» (Астана) – «Динамо» (Рига) 4:5 Б (0:1, 3:2, 1:1, 0:0, 0:1)                          

0:1 — Хосса — 17:00

0:2 — К. Редлихс (Ниживий, Индрашис) — 24:02

1:2 — Бойд (Доус, Боченски) — 24:28

1:3 — Хосса (Озолиньш) — 25:48

2:3 — Старченко (Руденко, Антропов) — 37:27

3:3 — Бойд (Баркер) — 39:20

4:3 — Доус (Баркер, Ахонен) — 51:11

4:4 — Щехура (Хосса, Робинсон) — 56:58

4:5 — Щехура — 65:00, ЖБ

ҚақпашыларАхонен — Телльквист