«Астананың» велошабандоздары Швейцария туры 8-кезеңінің қорытындылары бойынша көш басында келеді.

8-кезеңде (123,8 км) Франция чемпионы Арно Демар жеңіске жетті. Ал жалпы турнир кестесінің көшбасшысы аустралиялық Ричи Портты бұл жолы ешкім екінші орынға ығыстыра алған жоқ.

«Астана» өкілі Якоб Фульсанг 6-орнын сақтап қалды (+1.28), Танел Кангерт те бұрынғысынша 14-сатыда тұр (+3.02).

Бүгін, 17 маусымда Швейцария турының қорытынды кезеңі болады.