Футболдан Ресей жеріндегі Әлем чемпионаты қызып келеді. Оған дәлел кешегі Испания мен Португалия құрамалары арасындағы кездесу. Бүгін С тобындағы командалар жарыс жолына шығады. Топтың ғана емес жалпы турнирдің фавориті саналатын Франция құрамасы Австралияны қабылдайды.

Франция құрамасы биылғы Әлем чемпионатына 23 ойыншы алып келгенімен төрт жылдықтың басты жарысында ойнауға лайық тағы бірнеше ойыншы Дешам таңдаған құрамаға ілінбей қалды.

Ляказзет, Марсияль, Бен Иедер сынды шабуыл өтінде ширак қимылдайын ойыншыларға құрамадан орын табылмады. Есесіне жас таланттар Дембеле мен Мбаппе кездесуге сақадай сай.