Ресейлік боксшы Денис Лебедев қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы рематч жайлы пікірін айтты.

«Головкин – Альвареспен жекпе-жектің фавориті. Геннадиймен жеке таныс емеспін, бірақ ол спарринг өткізген адамдарды танимын. Ол өте жойқын соққылар жасайды. Соққыларының ауыр болғаны сонша, оның спарринг-әріптестері өз бастарын ғана емес, қабырғаларын да қорғап жүреді», - деді Лебедев.

Айта кетейік, Головкин – Альварес рематчы 15 қыркүйекте өтеді.