Аргентиналық аңызға айналған футболшы Диего Марадона 026 жылғы әлем чемпионаты Мексика, АҚШ және Канадада өтетіні көңілі толмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, жақында бұл елдердің бірлескен өтініші дауыс беру нәтижелері бойынша жеңіп шықты.

«Маған мүлдем ұнамайды. Мексика бұған лайық емес. Мексикалықтар Бразилиямен немесе Германиямен ойнап, сол арада ұшып кетеді», - деді Марадона Reuters арнасына берген сұқбатында.

14 маусым мен 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласында 2018 жылғы Әлем кубогы өтеді. 2022 жылы Катарда әлем чемпионаты өтеді.