Ресеймен матчта ойсырай жеңіліп қалған Сауд Арабиясының ойыншыларына өз елінде тәртіптік жаза тағайындалады. Бұл туралы корольдіктегі футбол федерациясының басшысы Адель Иззат мәлім етті деп хабарлайды Lenta.ru.

- Ойында жеңіліс тапқанымызға қатты көңіліміз түсті. Біздің дайындығымызды жоққа шығарғаны өкінішті нәтиже болды.Бірнеше ойыншы жазаға тартылады. Олардың қатарында қақпашы Абдаллах аль-Майюф, шабуылшы Мохаммад ас-Сахлави мен қорғаушы Умар Хавсавилер бар, - деді спорттық шенеунік.Ал Сауд Арабиясы құрамасының бас бапкері Хуан Антонио Пицци Ресей ойыншыларының үлкен жаңалық ашқанын көрмегенін жеткізді. Оның пікірінше, алғашқы гол абайсызда кіріп кетен.Айта кетейік, кеше Сауд Арабиясы мен Ресей құрамалары Әлем чемпионатының шымылдығын ашып, алғашқы ойынды өткізген болатын. Онда Ресей 5:0 есебімен қарсыластарын жеңіп кетті.