«Манчестер Юнайтед» клубының бапкері Жозе Моуриньо Англия құрамасының Әлем чемпионатындағы мүмкіндігі туралы айтты:

«Олар Әлем чемпионы атануға қауқарлы. Жақсы команда жинаған. Жастар мен қатар тәжірибелі ойыншылар да жеткілікті. Олардың әрқайсысы үздік командаларда өнер көрсетеді. Чемпиондар лигасында ойнаған тәжірибелері де бар. Сондықтан олар чемпион атануы мүмкін», - деді Жозе Моуриньо.