Бүгін Қазақстан Кубогының жартылай финалдық кезеңінің алғашқы ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық «Қайрат» Қазақстан Кубогының жартылай финалдық кезеңіндегі алғашқы матчта керекулік «Ертісті» ұтты. Алматы қаласында өткен кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. «Қайраттың» сапында бірінші таймда Исламбек Қуат пен Бауыржан Исламхан көзге түсті.

Айта кетейік, қарымта ойын 27 маусым күні Павлодар қаласында өтеді.

Қазақстан Кубогы. Жартылай финал

«Қайрат» - «Ертіс» 2:0 (2:0)

Голдар: 7’ Қуат, 27’ Исламхан

«Қайрат»: Стас Покатилов - Сергей Кейлер, Нұралы Әліп, Айбол Әбікен, Александр Соколенко - Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Ян Вороговский, Акмаль Бахтияров - Вячеслав Швырев.

«Ертіс»: Никита Калмыков - Руслан Есімов, Александр Кислицын, Милош Стаменкович, Дмитрий Шмидт - Адриан Гомес, Сергей Кисляк, Илья Калинин, Павел Шабалин, Владимир Воменко - Фуад Салами.

Қазақстан Кубогының жартылай финалдық кезеңіндегі алғашқы матчта қарағандылық «Шахтер» мен «Атырау» командалары тең түсті. Қарағанды қаласында өткен кездесуде есеп ашылған жоқ.

Айта кетейік, қарымта ойын 27 маусым күні Атырауда қаласында өтеді.

Қазақстан Кубогы. Жартылай финал

«Шахтер» - «Атырау» 0:0 (0:0)

«Шахтер»: Игорь Шацкий - Евгений Ткачук, Евгений Тарасов, Ильнур Мангуткин, Игорь Пикалкин, Матео Мужек - Александр Мигунов, Марат Шахметов, Дамир Кояшевич, Геворг Наджарян - Даниэль Суботич.

«Атырау»: Владимир Логиновский - Ризван Аблитаров, Томислав Барбарич, Рафкат Аслан, Стефан Живкович - Ринат Жұматов, Эдуард Сергиенко, Дәурен Қайраллиев, Айбар Нұрыбеков, Марат Хайрулин - Игорь Зенькович.