Қазақстан Кубогының жартылай финалдық кезеңіндегі алғашқы матчта қарағандылық «Шахтер» мен «Атырау» командалары тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарағанды қаласында өткен кездесуде есеп ашылған жоқ.

Айта кетейік, қарымта ойын 27 маусым күні Атырауда қаласында өтеді.

Қазақстан Кубогы. Жартылай финал

«Шахтер» - «Атырау» 0:0 (0:0)

«Шахтер»: Игорь Шацкий - Евгений Ткачук, Евгений Тарасов, Ильнур Мангуткин, Игорь Пикалкин, Матео Мужек - Александр Мигунов, Марат Шахметов, Дамир Кояшевич, Геворг Наджарян - Даниэль Суботич.

«Атырау»: Владимир Логиновский - Ризван Аблитаров, Томислав Барбарич, Рафкат Аслан, Стефан Живкович - Ринат Жұматов, Эдуард Сергиенко, Дәурен Қайраллиев, Айбар Нұрыбеков, Марат Хайрулин - Игорь Зенькович.