13 маусымда Чехияның Острава қаласында халықаралық Ostrava Golden Spike жарысы өтті.

Осымен 57-рет ұйымдастырылған дүниежүзілік дода IAAF World Challenge сериясына кіреді. Оған жеңіл атлетикадан әлемнің бірнеше жұлдызы қатысты. Жалпы, 16 сайыс түрінен жүлделер сарапқа салынды. Чехияға әлемнің қазіргі 10 чемпионы келді. Арасында биылғы маусымдағы үздік көрсеткіштердің иелері де бар. Әйелдер арасындағы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қазақстандық Altay athletics клубының өкілдері Нора Джеруто мен Дэйзи Джипкемей де бақ сынады.

Жалпы, бұл қашықтықта 19 спортшы өнер көрсетті. Кения, Уганда, Эфиопия, Словения, Чехия, Франция, Венгрия, Польша, Германия, Дания спортшылары болды. Джеруто алғашқы айналымнан көшбасшылықты қолға алып, мәреге 9:11.33 минутта жетті. Сөйтіп, екінші орындағы угандалық Перут Чемутаидан 5,5 секундқа озып кетті. Үздік үштікті Нораның командалас әріптесі Дэйзи Джипкемей қорытындылады (9:30.62 мин).

Айта кетейік, Джеруто Остравадағы турнирдің жаңа рекордын орнатты. Бұған дейін үздік көрсеткіш тағы бір кениялық Милке Чемосқа тиесілі болған (9:17.92 мин., 2013 жылы).

IAAF World Challenge. 57th Ostrava Golden Spike. 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіру. Әйелдер:

1. Нора Джеруто (Кения) – 9:11.33 мин. (MR)

2. Перут Чемутаи (Уганда) – 9:16.89 мин.

3. Дэйзи Джипкемей (Кения) – 9:23.70 мин.