Ресейдегі әлем чемпионатының екінші матчында африкалық және америкалық құрамалар күш сынасады. Соңғы жылдары әлемдік додаларда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген Уругвай құрамасы соңғы 28 жылда алғаш рет әлем чемпионатына шыққан Мысырмен кездеседі. Мысыр әлем чемпионатының финалдық турнирінде әлі жеңіске жетіп көрмеген, бұл жолы да Уругвай үш ұпайды оңай бере салмас.

Әлем чемпионаты. А тобы. 1-тур

15.06.2018. 18:00

Мысыр – Уругвай

Бұл жұптың фавориті айқын. Мохамед Салах қанша жерден жақсы маусым өткізгенімен, Эдинсон Кавани мен Лиус Суарес бастаған жігіттер африкалық құраманы жеңеді деген ойдамын. Оның үстіне, Салах маусымды жарақатпен аяқтаған. Ол да әсер етуі мүмкін. Шабуыл шебінде білікті ойыншылар жиналған Уругвай құрамасы бұл ойында бір гол тоқтап қалмас. Сондықтан, кем дегенде екі гол соғады деген болжамым бар.

Бәс: Уругвай жеке тоталы (1,5) көп – 2.06 коэффициент