Құрлықтық хоккей лигасының биылғы чемпионаты аясында Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңда «Динамо» (Латвия, Рига) командасын қабылдайды.

Қос ұжым ҚХЛ-сы аясында 11 рет кездескен болатын. Соның жеті матчында «Барыстың» мерейі үстем болса, төрт ойында «Динамоның» жолы болды. Соңғы рет Рига қаласында кездескенде, Астана қаласының хоккей клубы буллит сериясында 2:3 есебімен ұтылған. «Динамо» қосымша екі ұпайға ие болып, Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнир кестесінде бірнеше сатыға көтерілді. Қазір оның еншісінде 55 ұпай бар. Соның арқасында команда 6-шы орында тұр. Ал «Барыс» 58 ұпаймен 4-ші орында келеді.

Айта кетер жайт, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтеді. Аталған ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетпек.