Ресей құрамасының экс-ойыншысы, қазір алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Мәскеудегі Әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz

37 жастағы футболшы «Қайрат» ФК басшысы Қайрат Боранбаевпен бірге Ресейдің Сауд Арабиясына қарсы матчын тамашалайды.

Аршавин сейсенбі күні Қазақстан Кубогы аясында өтетін «Қайрат» мен «Ертіс» арасындағы матчқа қатыса алмайтынын жеткізген болатын.