Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя 15 қыркүйекте Геннадий Головкинге қарсы рематч өтетінін хабарлады.

Осылайша, Головкин мен Канелоның командалары екінші жекпе-жектен түсетін табысты қалай бөлісетіндерін келіскен сияқты. Шамасы, GGG табыстың 42,5%-ын, Альварес 57,5%-ын алады.

«15 қыркүйекте біз жекпе-жек өткізетінімізді қуана хабарлаймын! Канело – GGG ІІ», - деп жазды Де ла Хойя.

Кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтпек. Былтыр боксшылар 16 қыркүйекте жұдырықтасып, тең түскен болатын.