Ертең футбол жанкүйерлері асыға күткен Ресейдегі Әлем біріншілігі басталады.

FIFA-ның 21-ші Әлем чемпионаты 14 маусым - 15 шілде аралығында Ресей Федерациясының Волгоград, Екатеринбург, Қазан, Калининград, Мәскеу, Нижний Новгород, Ростов, Самара, Санкт-Петербург, Саранск және Сочи қалаларында өтеді.

Әлемнің үздік деп танылған 32 командасы төртқұрлықтың басты жүлдесіне таласпақ. Осы орайда «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары көрсететін доп додасының эфир кестесін назарларыңызға ұсынамыз.