Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева ресейлік Натела Дзаламидземен бірге Англияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды prosports.kz.Галина-Натела жұбы 1/8 финалда австралиялық Арина Родионова мен украиналық Ольга Савчукті жарыс жолынан шығарды. Есеп, 7:5, 6:1.