Павлодарлық «Ертістің» шабуылшысы Эдди Эрнандес командадан кетті, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гондурас елінің футболшысы маусым басында ғана клубқа келген болатын. Форвард Қазақстан Премьер-Лигасында 8 матч өткізіп, (2 рет – негізгі құрамда, 6 рет – ойыншыларды ауыстырды), бір гол соққан еді. Ал ҚР Кубогында 2 матчқа қатысып, (екі рет негізгі құрамда), нәтижелігімін көзге түспеді. Келісімшарт екі жақты шешім арқылы күшін тоқтатты. Эдди клуб басшылығы мен барша жанкүйерлерге алғыс білдіріп, командаға жеңісті маусым өткізуді тіледі. Өз кезегінде, «Ертіс» футбол клубы ойыншыға рахмет айтып, алдағы уақытта сəттілік тілейді!