Қазақстандық боксшы Әли Балоев (4-0, 3 КО) 28-ші шілде күні шаршы алаңға қайта оралады, деп хабарлайды Prosports.kz

Балоевтың қарсыласы әзірге анықтала қойған жоқ. BoxRec порталының дерегіне сүйенсек, қазақстандық боксшы NABF Junior титулы үшін таласқа түседі.

Сондай-ақ, айтылған бокс кешінде біздің басқа да боксшыларымыз өнер көрсетеді: Искандер Харсан (3-0, 3 КО) мексикалық Мануэль Рубалькаваға қарсы шығады, ал кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жегін өткізетін Асхат Жантұрсынов америкалық Майкл Коронадомен жұдырықтасады.