Армения құрамасы мен қарағандылық «Шахтердің» шабуылшысы Геворг Газарян «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында командада қалғысы келетінін айтты. 
 
- Қазіргі таңда «Шахтер» мен донецкелік «Металлург» арасында менің трансферім жайлы келлісөздер жүргізіліп жатыр. 
 
- Өзіңіз қай команданы таңдар едіңіз?
 
- Әрине, «Шахтерде» қалғым келеді.
 
- Басқа клубтардан ұсыныстар бар ма?
 
- Бар. Ресей, Қазақстан және Украинадан ұсыныстар келген. Алайда, өзім «Шахтерде» мансабымды жалғастырғым келеді.