«Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси ең көп гол соққан сұрмергендерге берілетін «Алтын бутсы» жүлдесін үшінші рет жеңіп алды. 
 
Былтырғы маусымда Лео 46 гол соғып, 92 ұпаймен жеңімпаз атанды.
 
 «Алаңға қашан оралатыным әлі белгіссіз. Алайда, басты мақсат - тезірек бабыма еніп командаға көмектесу. Бұл жеңісті әріптестеріме арнаймын», - дейді Месси «Твиттердегі» ресми парақшасында.