«Ақтөбенің» экс-шабуылшысы Сергей Гридин алматылық «Қайрат» командасына аусуы мүмкін.

Бұл туралы ойыншының өзі «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне айтты:

- Уақыт керек. Жыл соңына қарай қай командада ойнайтыным бегілі болады. Мен алаңда көп ойнағым келеді. Алайда, «Қайрат» сапында мендей ойыншылар көп. Сондықтан бұл ойландыратын сұрақ. Көшемін бе көшпеймін бе, әлі ойланудамын.