Синиша Михайлович «Сербия» құрамасынан кетіп, жақын арада «Сампдорияның» бас бапкері атанады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Естереңізге сала кетсек, Михайлович футболшы кезінде 1994-1998 жылдары «Сампдорияда» ойнаған болатын. Бұдан басқа, Михайлович «Рома», «Лацио» және «Интер» командаларында өнер көрсеткен.

Бапкер ретінде «Болонья», «Катания», «Фиорентина» секілді клубтарды жаттықтырған.