Теннистен Астана қаласындағы ITF додасында үш қазақстандық теннисші жарыс жолынан шықты.

Ширек финалдық кездесулерде Кәмила Керімбаева ресейлік Алена Тарасовадан ұтылды. Жалпы есеп  — 4:6, 1:6.

Ал, Александра Гринчишина тағы бір ресей өкілі Иванка Карамалактан есе жіберді. Есеп — 2:6, 3:6.

Тағы бір жерлесіміз Асия Даир словакиялық Шанталь Скамловадан аса алмады. Қорытынды есеп — 3:6, 6:7 (5:7).