Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс Геннадий Головкиннің командасы Сауль Альвареспен екінші кездесудің 40 пайыз гонорарына көнуі қажет екенін айтады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Головкиннің табыстарды 55/45 етіп бөлу жөніндегі жаңа ұсынысы да «Канелоны» қанағаттандырмайды. Де ла Хойя Головкинге гонорардың 40 пайызын беруге келісуі мүмкін. Golden Boy-дың бұрынғы промоутері Ричард Шефер 60/40 үлесі «Канело» үшін жеткілікті болатынына сенімді. Әрине, Головкин 60/40 түріндегі үлеске көнбеуі мүмкін, дегенмен былтыр қыркүйекте 70/30 үлесімен де айқасқанын ұмытпау керек», - деп жазады автор.