«Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду осы жазғы трансфер уақытында клубтан кетпек.

Marca ақпаратына сүйенсек, португалиялық футболшыға «Реал» ұсынған жаңа келісімшарт қатты ұнамай қалған. Роналду ПСЖ футболшысы Неймар мен «Барселона» форварды Лионель Мессимен бір деңгейде жалақы алуды қалайды. Ал «Реал», Роналдудың пікірінше, аз жалақы ұсынып отыр.

Қазір Роналду Португалия құрамасымен бірге әлем чемпионатына дайындалып жатыр.