Қорғаушы Владимир Гребенщиков өскемендік «Алтай-Торпедо» сапына ауысты.

25 жастағы хоккейші бұған дейін елордалық «Барыстың» құрылымында ойнаған. «Барыс-2», «Номад» және «Снежные Барсы» командаларынан бөлек ол павлодарлық «Ертіс» пен петропавлдық «Құлагерде» өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасы сапында жасөспірімдер және жастар арасындағы әлем чемпионаттарына, Бүкіләлемдік Универсиадаға қатысқан. ҚХЛ чемпионаттарында да тәжірибесі бар.