Қызылорданың «Қайсар» командасын белгілі маман Дмитрий Огай жаттықтыратын болды. Бұл туралы «Қайсар» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстандық бапкер Дмитрий Огай мен «Қайсар» клубының басшылығы өзара мәмілеге келді. Жаттықтырушы оқу-жаттығу жиыны барысындағы дайындық жоспарын жасап үлгерді. Желтоқсанның 10-ы күні «Қайсар» Түркияда өтетін бірінші жаттығу жиынына аттанады», – деп жазылған баспасөз хабарламасында.