«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола англиялық команданың бұрынғы футболшысы Яя Туренің сөздеріне жауап берді.

35 жастағы футболшы Гвардиоланы нәсілшіл деп айыптаған болатын.

«Нәсілшіл деп айыптауы – өтірік, Яя мұны біледі. Біз екі жыл бойы бір командада жұмыс істедік, бірақ ол менің бетіме айтпаған нәрсені айтып отыр», - деді Гвардиола.