«Астана» клубы «Ақтөбеге» Асхат Тағыберген үшін 24 миллион теңге төлеген. Бұл туралы ақтөбелік команданың бұрынғы директоры Дмитрий Васильев өзінің Youtube-каналында мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дмитрий Васильев осы жылдың ақпанында бостандыққа шыққан болатын. Естеріңізде болса «Ақтөбе» командасының бұрынғы директоры бюджет қаржысын жымқырды деген айыппен сегіз жылға сотталған болатын.

Бостандыққа шыққан Дмитрий Васильев өзінің Youtube каналын ашып қазақстан футболындағы былықтың бетін ашуға бел шешіп кіріскенін айтқан.

Ол өзінің Youtube каналындағы соңғы видеосында Қазақстан футболындағы біраз қызық мәліметтерді айтқан.

Нақтырақ айтсақ «Астана» клубы «Ақтөбеге» Асхат Тағыберген үшін 24 миллион теңге төлеген екен.

Сондай-ақ алматылық «Қайрат» қақпашы Стас Покатилов үшін әлі күнге дейін «Ақтөбеге» бонус төлеп келе жатқан көрінеді.

Покатилов ресейлік «Ростов»клубына ауысқан түста оның келісімінде Стас кейін қазақстандық клубқа ауысса ақтөбелік командаға белгілі бір деңгейде компенсацияалып төлеп тұру жөнінде жазылған.